04.04.2025
20:15
1374
Григорий Ломакин теннистен Үндістан турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Григорий Ломакин теннистен Үндістан турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстан құрамасының теннисшісі Григорий Ломакин Үндістанның Бенгалуру қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол жұптық сайыста сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ломакин ширек финалда америкалық Ник Чеппелмен бірге үнділік Сай Картик Редди Ганта / Вишну Вардхан жұбын жеңді.

Кездесу 4:6, 6:4, 10:8 есебімен аяқталды. Финалға шығу үшін Ломакин мен Чеппел үнділік Ариан Шах/Каран Сингх жұбымен кездеседі.