25.07.2023
00:05
1088
Грета Тунбергке айыппұл салынды

Грета Тунбергке айыппұл салынды

Швецияның Мальме қалалық соты белгілі экологиялық белсенді Грета Тунбергке 20 маусым күнгі қала портындағы наразылықтар кезінде полицияға бағынудан бас тартқаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ВВC таратқан мәліметке сәйкес, сол күні Грета мен оның жақтастары порттағы мұнай тиелген жүк көліктерінің жолын жауып тастады. Шведтік экологиялық белсенділер осылайша қазбалы отынды пайдалануға наразылықтарын білдірді.

Тунберг кінәсін мойындамады, бірақ сот басқаша шешім қабылдады. Белсендіге 2500 швед кроны (шамамен 240 доллар) көлемінде айыппұл салынды.