Грекияда тұратын Мақтаарал тумасы Қазақстанға сәлем жолдады

27 Наурыз, 13:08 2173

Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясында Грекия мен Қазақстан арасындағы матч үшін Афины қаласына бардық. Сонда Қазақстаннан көшек этникалық гректерді кездестірдік. Олар тарихи отандарында тұрып жатса, жүректері дүрсілдеп, Қазақстанға жанкүйер болып келді. Солардың бірі – Николас Поронидис. Ол 1972 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1990 жылы 18 жасында Афиныға қоныс аударған. Назарларыңызға Афиныға арнайы матчқа барып, хабар таратқан спорт журналисі Бек Төлеуовтің түсірген видеосын ұсынамыз.

Бек Тулеуов
Бөлісу: