Грекия құрамасы Қазақстан қақпасына алғашқы таймда 4 гол соқты

22 Наурыз, 01:35 1026

Футболдан Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалындағы Қазақстан және Грекия кездесуінде алғашқы таймында алаң иелері 4 гол соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ойынның 9-минутында грек құрамасының ойыншылары пенальти есебімен алға шықты. Бұл жолы А.Бакасетас өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал 15 минутта Д.Пелкас тағы гол соғып, жеңісті нықтай түсті.  Үшінші голды 37-минутта Ф.Ионнидис соқса, 40 минутта Д.Курбелис гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Қайыров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородовқа сенім артқан еді. 

Ал Грекия құрамасы сапында Влаходимос, Болдок, Мавропанос, Цимикас, Бакасетас, Курбелис, Мадалос, Хацидиакос, Масурас, Яннидис, Пелкас ойнап жатыр. 

Перизат Саденова
Бөлісу: