10.04.2023
20:30
1540
Грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов Азия Чемпионы атанды

Грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов Азия Чемпионы атанды

Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында қазақстандық Ибрагим Магомадов «алтын» алды,, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ибрагим Магомадов (72 келі) ирандық Саяд Әли Именталабфоманимен шеберлік байқасты. Ол қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.

Ибрагим ширек финалда қырғызстандық Әділхан Нұрланбековты, сосын Әли Мұхамед Кадхимді жеңді.