Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасы анықталды

Кеше, 23:03 109

Албанияда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін әлем чемпионатына грек-рим күресінен қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тиранада жас балуандар арасында күрес түрлерінен өтетін да ел құрамасынан 10 балуан белдеседі.
 
55 келі: Ербол Қамалиев

60 келі: Досжан Өтепқалиев

63 келі: Нұрсұлтан Базарбаев

67 келі: Дінмұхаммед Қошқар

72 келі: Мерей Мәулітханов

77 келі: Темірлан Қаратай

82 келі: Альмир Төлебаев

87 келі: Бағлан Қуаныш

97 келі: Ерзат Ерланов

130 келі: Асылбек Әбдіхалық

Бұған дейін U23 әлем чемпионатына қатысатын еркін және әйелдер күресі құрамасы анықталған болатын. Олардың қатарында әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да бар. Аталған жарыс Тиранада 21-27 қазан күндері өз мықтыларын анықтайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: