21.08.2024
05:16
909
Грек-рим күресі: Әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан күміс жүлдегер атанды

Грек-рим күресі: Әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан күміс жүлдегер атанды

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы күміс медаль алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, олардың бірі - 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы. Ақтық сында отандасымыз америкалық Джэйден Рэйниге 5:7 есебімен есе жіберді. Ал 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді.  

48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 есебімен әзербайжандық Амрах Амраховтан ұтылды.