08.04.2026
17:29
165
Жаңалықтар

Green Runway Fashion Show: табиғат пен креатив арасындағы алғашқы халықаралық диалог

23 сәуірде халықаралық жасыл технологиялар мен тұрақты шешімдер көрмесі RES 2026 EXPO аясында алғашқы халықаралық Green Runway Fashion Show өтеді.

Бұл көрсетілім аймақтық дизайнерлерді халықаралық аренаға шығарып, сән мен тұрақты даму алаңы болмақ. Көрсетілімнің басты ерекшелігі - тірі өсімдіктер мен табиғи элементтер қолданылған сахна. Ол «тірі кеңістік» әсерін туғызып, сән мен табиғат арасындағы байланысты айқындайды.

Іс-шараға қатысатын дизайнерлер:

  • Татьяна Воротникова (Қырғызстан)
  • Гюльнара Халилова (Әзербайжан)
  • Ләйлі Хаидова (Түрікменстан)
  • Елена Ладик (Өзбекстан)
  • Хуршед Саторов және Нафиса Имранова (Тәжікстан)
  • Айдархан Қалиев (Қазақстан)

Әр дизайнер 10-12 образдан тұратын үш негізгі бағытта коллекциясын ұсынады:

1.Eco-Heritage - дәстүрлі киімді табиғи маталар мен бояулар арқылы жаңаша көрсету;

2.Upcycling & Recycling - қайта өңделген материалдардан сәнді киім жасау;

3.Bio-Design - сирек кездесетін өсімдіктер бейнелері мен табиғи принттерді пайдалану.

Green Runway Fashion Show дизайнерлер, экологтар, инвесторлар және мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалог алаңы болады. Сонымен қатар ол Орталық Азия мен Әзербайжанның тұрақты сән мен креативті индустрияларды дамыту әлеуетін көрсетеді.

Айта кетейік, RES 2026 EXPO 22-24 сәуірде Астанада өтеді. Көрмеге 30 елден шамамен 300 компания қатысып, 20 мыңнан астам қонақ келуі күтілуде.

Анықтама:

(RES 2026) Өңірлік экологиялық саммиті - Орталық Азия елдері мен басқа мемлекеттерді біріктіретін халықаралық экологиялық саммит. Саммитте климат өзгерісі, су ресурстарының деградациясы және табиғи ресурстарды тұрақты басқару мәселелері талқыланады. Іс-шараға 1500 делегат қатысады: мемлекет, халықаралық ұйымдар, бизнес және ғылым өкілдері. RES 2026 ұйымдастыру бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жариялаған.

RES 2026 туралы толық ақпарат: https://res2026.kz/