DV-лотерея 2027 бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылдың қазан айының басында басталып, қараша айының алғашқы жартысына дейін жалғасады. Бұл бағдарлама — АҚШ-та тұрақты тұруға мүмкіндік беретін Green Card (тұрақты тұру куәлігі) ұтып алу мүмкіндігі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әрбір қатысушы тек бір рет өтінім бере алады. Бірнеше рет тіркелу автоматты түрде дисквалификацияға әкеледі. Өтінім онлайн түрде АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында толтырылады.
Грин-карта лотереясы дегеніміз не?
Бағдарламаның ресми атауы – Diversity Immigrant Visa Program (Иммиграциялық әртүрлілік бағдарламасы). Халық арасында ол Грин-карта лотереясы деп аталады. Бұл – АҚШ-та тұрақты тұруға мүмкіндік беретін визаны ұтып алу мақсатында жыл сайын өткізілетін халықаралық бағдарлама.
Бағдарламаға қатысушылардың өтінімдері компьютер арқылы кездейсоқ таңдау әдісімен іріктеледі. Жеңімпаздар мен олардың отбасылары Грин-карта алып, АҚШ-та тұрақты өмір сүруге, жұмыс істеуге және білім алуға толық құқыққа ие болады. Ал елде бес жыл тұрғаннан кейін олар АҚШ азаматтығын алу үшін өтініш бере алады.
DV-2027 бағдарламасы деп аталуының себебі жеңімпаздар АҚШ-қа 2027 жылы көшіп бара алады. Бірақ лотереяның өзі 2025 жылы өтеді. Бұл уақыт аралығы АҚШ үкіметіне жеңімпаздарды таңдап, олардың құжаттарын рәсімдеуге қажет.
Кімдер өтінім бере алады?
DV-2027 бағдарламасына қатысушылар екі негізгі талапқа сай болуы керек.
Грин-карта лотереясына қатысу үшін ағылшын тілін білу міндетті емес.
Өтінімді қалай беру керек?
Өтінім dvprogram.state.gov ресми сайтында DV (DS-5501) онлайн нысанын толтыру арқылы қабылданады. Ең маңызды талап – бір ғана өтінім беру. Егер бір адам бірнеше өтінім берсе, оның барлық анкеталары автоматты түрде жарамсыз деп танылады.
2025 жылдан бастап өтінім беру үшін 1 АҚШ доллары мөлшерінде төлем енгізіледі. Төлем өтінімді толтыру кезінде АҚШ үкіметінің ресми сайтында онлайн түрде төленеді.
DV-2027 лотереясына өтінім қабылдау қашан басталады?
DV-2027 иммиграциялық виза бағдарламасына өтінім беру кезеңі әлі ресми түрде басталмады. Қазіргі уақытта нақты басталу күні АҚШ Мемлекеттік департаменті тарапынан жарияланған жоқ. Әлеуметтік желілерде көптеген пайдаланушылар бағдарламаның кідірісін АҚШ-тағы шатдаунмен (үкімет жұмысының уақытша тоқтауы) байланыстыруда.
Алайда сарапшылардың пікірінше, кешігу себебі бұдан өзгеше болуы мүмкін. Ең ықтимал нұсқа биыл алғаш рет енгізіліп отырған өтінім беру үшін міндетті $1 төлемімен байланысты. Заңға сәйкес бұл төлем 2025 жылдың 16 қазанынан бастап күшіне енеді. Сондықтан өтінім қабылдау дәл осы күнге немесе одан кейінгі мерзімге шегерілген болуы мүмкін. Бұған дейін DV лотереясына қатысу толығымен тегін болған, ал $330 төлемі тек іріктеуден өткен қатысушылардан ғана алынатын.
Сондықтан өтінім қабылдау басталғанға дейін ресми дереккөз dvprogram.state.gov сайтындағы хабарламаларды ғана қадағалаған жөн.
Өтінім беру бойынша кеңестер
Грин-карта нәтижелері
DV-2027 бағдарламасының нәтижелері шамамен 2026 жылдың мамыр айының басында жарияланады. Нәтижені тек АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайтындағы қатысушы мәртебесін тексеру қызметі арқылы білуге болады. Ол үшін өтінім берген кезде берілген растау нөмірін енгізу қажет.
Маңызды: сізге жеңіс туралы ешқандай хат немесе электрондық пошта жіберілмейді. Барлық тексеру тек ресми сайтта жүргізіледі.
DV-лотереяға қатысты алаяқтық туралы ескерту
Алаяқтар жіберген хаттар мен хабарламалардан сақ болыңыз. Есте сақтаңыз:
Ресми ақпарат пен өтінім беру тек: dvprogram.state.gov сайтында жүзеге асырылады.
DV-лотерея жеңімпаздарына арналған ақпарат
Егер сіз визалық лотереяда жеңімпаз атансаңыз, бұл тек алғашқы кезең екенін ескеріңіз. Бағдарламаға қатысу виза немесе Green Card алуға кепілдік бермейді. Алдағы уақытта сізге бірнеше ресми рәсімдерден өту қажет болады.
АҚШ аумағына кірген сәттен бастап сіз тұрақты резидент (Green Card Holder) мәртебесіне ие боласыз және елде өмір сүруге, оқуға, жұмыс істеуге құқығыңыз бар. Егер сіз қазірдің өзінде АҚШ-та болсаңыз, онда мәртебені өзгерту (Adjustment of Status) арқылы Green Card ала аласыз — бұл жағдайда елшілікке барудың қажеті жоқ.
Өзіңізді қаржылай қамтамасыз ете алатыныңызды дәлелдеу
АҚШ-қа кіру үшін сізден қаржылық қолдау туралы аффидевит (Affidavit of Support) талап етілмейді. Алайда, сіздің елге келгеннен кейін мемлекеттік әлеуметтік көмекке тәуелді болмайтыныңызды дәлелдеуге тиіссіз.
Бұл үшін өзіңіздің табыстарыңыз бен активтеріңізді көрсету жеткілікті. Мысалы:
Егер өзіңіз мұндай дәлел ұсына алмасаңыз, онда АҚШ-та тұратын заңды мәртебесі бар туыс немесе дос сізге қаржылай қолдау көрсетуге келісім бере алады. Бұл үшін олар I-134 нысанын (Affidavit of Support Form) толтырып, қол қоюы қажет. Бұл құжатты сіз өз ісіңізге қосымша дәлел ретінде ұсына аласыз.
Айта кетейік, бұған дейін грин картаға өтінім беру тәртібі, жиі кездесетін қателіктер және соңғы өзгерістер туралы сарапшы Айдана Махамбетқызымен сұхбаттасқан едік.