Grand Slam. Алтыннан алқа таққан күн!

15 Шілде 2022, 22:40 1738

Мағжан Шәмшадин мен Елдос Сметов турнирді жеңіспен бастады.

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шәмшадин Загребте (Хорватия) өткен Grand Slam сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды EL.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол 60 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Финалда Шәмшадин кореялық Вон Джим Кимнен басым түсті. Балуандар ұзақ уақыт бір-бірін ала алмай жүрді. Аяғанда Ким үшінші рет ескерту алып, Шәмшадин жеңімпаз атанды, ал Корея өкілінің күміс медальды місе тұтуына тура келді.

Бұған дейін Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Елдос Сметов те өз ойынын сенімді жеңіспен бастаған болатын.

Ол алғашқы айналымда Олимпиаданың екі медалінің иегері Түркиядан келген Эйдер Тоқтаймен кездесті. Спортшылар бірнеше ескертулермен ерекшеленді, бірақ тиімді әдісті қабылдау мүмкін болмады.

Алайда, негізгі уақыт аяқталғанға дейін Сметов, Тоқтайды таза жеңіс "иппон" әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.

Келесі раундта ол Израилдік Рональд Коколаевқа қарсы күреседі.

EL.KZ
Бөлісу: