Grand Slam: Данияр Шамшаев қола жүлдегер атанды

5 Ақпан 2023, 13:15 2080

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді

Отандасымыз Данияр Шамшаев Франция астанасы Парижде басталған 2023 жылдың алғашқы Grand Slam бәсекесінде қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық дзюдошы шешуші белдесуде канадалық Артур Маргелидоннан басым түсті.

Данияр бұл доданы А тобында бастап, бразилиялық Майкл Марселино мен француз Даниил Зубконы ұтқан. Алайда Олимпиаданың барлық медалі бар грузиялық Лаша Шавдатуашвилиге есе жіберді. Жұбаныш кездесуінде тағы бір француз Джоан-Бенджамин Габаның осал тұсын тапты.

EL.KZ
Бөлісу: