Google Translate-ке қазақ тілі қосылды

13 Желтоқсан 2014, 14:48

Google Translate-ке қазақ тілі қосылды

Google translate жүйесіне қосылды. Бүгіннен бастап қазақ тілінен басқа тілдерге және керісінше аударма жасау мүмкіншілігі пайда болды.

Әзірге Google ұсыған аударма платформасында әлемнің 90 тілі ұсынылған. Қазақ тілін аудару жүйесіне еңгізу үшін екі жылдан астам уақыт және жүзден астам мамандар және еріктілердің күші кетті. Аталған межеге жетуде тіл жанашырларының еңбегі ерен болды. Тілдің сандық заман инфрақұрылымына сай келуі заман талабы. Сол себепті атқарылған еңбек қазақ тілін пайдаланушылар қауымдастығы, мемлекет және қоғам алдында жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ келесі кезекте Google ұсынатын өнімдерде де қазақ тілі қолжетімді болмақ.  

Қазақ тілімен қоса аудару жүйесіне жаңадан 10 тіл қосылды. Осының арқасында тіларалық аудармаға қосымша 200 млн адам қол жеткізе алады. Және де жаңа қосылған тілдер смартфон қосымшалар мен браузер кеңейтілімдерінде де пайдалануға болады. 

Бөлісу: