01.12.2025
10:00
511
Google мен Amazon-ға балама: Павел Дуров жаңа Cocoon платформасын іске қосты

Google мен Amazon-ға балама: Павел Дуров жаңа Cocoon платформасын іске қосты

Павел Дуров Google мен Amazon-ға балама бола алатын жаңа Cocoon платформасының іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Telegram-дағы жазбасында ол Cocoon-ды толық орталықсыздандырылған және жоғары құпиялылықты қамтамасыз ететін есептеу желісі ретінде таныстырды.

Біздің орталықсыздандырылған, жеке есептеу желіміз Cocoon іске қосылды. Платформа пайдаланушылардың алғашқы жасанды интеллект сұраныстарын 100% құпия түрде өңдеп жатыр. GPU иелері қазірдің өзінде TON ала бастады. https://cocoon.org сайты жұмыс істеп тұр, барлық құжаттама мен бастапқы код қолжетімді, – деп жазды Павел Дуров.

Оның айтуынша, Amazon мен Microsoft сияқты орталықтандырылған есептеу провайдерлері арадағы қымбат делдалға айналып, қызмет құнын арттырып, деректер құпиялығын төмендетіп отыр. Ал Cocoon осы экономикалық және құпиялылық мәселелерін шешуді мақсат етеді.

Павел Дуров жақын уақыттағы жоспарларын да атап өтті.

Масштабтауға келсек, алдағы апталарда біз GPU қуатын күшейтіп, Cocoon-ға көбірек әзірлеушілерді тартамыз. Telegram пайдаланушылары 100% құпиялылыққа негізделген жаңа AI мүмкіндіктерін көре алады. Cocoon бақылау мен құпиялылықты пайдаланушыларға қайтарады, – деді Telegram-ның негізін қалаушы және TON экожүйесінің авторы.