Google екі жаңа AI-көзілдірігін 2026 жылы нарыққа ұсынады

Google екі жаңа AI-көзілдірігін 2026 жылы нарыққа ұсынады

Google компаниясы Samsung, Gentle Monster және Warby Parker брендтерімен бірлесіп, күні бойы тағуға болатын жаңа буын ІІ-көзілдіріктер әзірлеп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл көзілдіріктерге динамиктер, микрофондар және камералар орнатылып, пайдаланушыға жасанды интеллектпен еркін сөйлесуге, қажетті ақпаратты жедел алуға және фото түсіруге мүмкіндік береді.

Бұған қоса, компания тағы бір бөлек модель әзірлеуде. Бұл нұсқа кіріктірілген шағын дисплеймен жабдықталып, экранда қадамдық навигацияны, диалогтың субтитрлік аудармасын, хабарламалар мен басқа да пайдалы ақпаратты көрсетуге арналған. Мұндай дисплейлі көзілдіріктер күнделікті өмірде, жолда жүргенде немесе шетелде коммуникация жасауда ерекше қолайлылық береді.

Google бірінші модельді 2026 жылы нарыққа шығару жоспарын ресми түрде мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл құрылғылар кеңейтілген шынайылық (AR) технологиясының дамуына жаңа серпін беріп, смарт-құралдар экожүйесінің маңызды бөлігіне айналуы мүмкін.