Гонконгтағы өрттен қаза болғандар саны 94-ке жетті

Гонконгтағы өрттен қаза болғандар саны 94-ке жетті

Гонконгтың Тайпоу ауданындағы тұрғын үй кешенінде шыққан жойқын өрт салдарынан көз жұмғандар саны 94 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, қаза тапқандардың басым бөлігі от ерекше күшті тараған жеті ғимараттың екеуінен табылған.

Зардап шеккендер саны да көбейіп, 155 адамға дейін жетті. Олардың ішінде 11 өрт сөндіруші де бар. Бұған дейін жарақат алғандардың саны шамамен 100 адам деп айтылған еді.

Өрт 26 қараша күні тұрғын үй алабында басталып, кейін жақын маңдағы басқа ғимараттарға жайылған. Алдын ала болжам бойынша, апат бамбук құрылыс конструкцияларының арасында өшірілмей тасталған темекі тұқылынан шығуы мүмкін. Оқиғаға байланысты үш құрылысшы ұсталған.

Бұрын хабарланғандай, өрт кезінде кемінде 36 адамның қаза тапқаны және 270-тен астам адамның із-түзсіз жоғалғаны айтылған.