2025 жылдың соңында Қазақстанда Гонконг тұмауымен ауыратындар саны артты. Осы орайда бұл аурудың не екенін, қаншалықты қауіпті екенін, негізгі белгілерін және қалай емделу керегін түсіндіріп өтейік.
Гонконг тұмауы деген не?
Гонконг тұмауы – А типті тұмау вирусының H3N2 қосалқы түрі тудыратын ауру. Алғаш рет бұл вирус 1968 жылы Гонконгта анықталған. 1969-1970 жылдары ол бүкіл әлемге таралып, пандемияға ұласқан. Сол кезеңде шамамен 4 миллион адам қайтыс болған.
Өлім-жітім деңгейі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, вирус өте жұқпалы еді. Мәселен, 1968 жылдың шілде айында Гонконгта небәрі екі апта ішінде 500 мың адам тұмаумен ауырған.
Қазіргі таңда H3N2 вирусы маусымдық сипат алғанымен, әлі де айналымда жүр. 2025 жылдың қараша-желтоқсан айларында бұл штамм тұмау вирустары арасында басым түрге айналды.
Ауру белгілері
Жалпы симптомдар
Гонконг тұмауының белгілері маусымдық тұмаудың басқа түрлерінен айтарлықтай ерекшеленбейді:
Ауру кенеттен басталып, дене қызуы 38,5-40°C-қа дейін көтеріледі.
Қатты қалтырау, бас ауруы, бұлшықет пен буындардың сырқырауы, әлсіздік
Құрғақ жөтел, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі
Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы (жүрек айну, құсу, іш өту), әсіресе балаларда жиі кездеседі.
Балалардағы ерекшеліктер
Дене қызуы жоғары болады әрі ұзақ сақталады (5-7 күнге дейін)
Құсу, іш өту, іштің ауруы айқын байқалады.
Фебрильді құрысулардың қаупі жоғары (6 айдан 5 жасқа дейін)
Ларинготрахеит дамиды: жөтел, дауыс қарлығуы, тыныстың тарылуы
Бала әлсіз, ұйқышыл болып, тамақ пен судан бас тартуы мүмкін
Бактериялық асқынулар (отит, пневмония, синусит) жиі кездеседі
Ересектердегі белгілер
Ауру көбіне классикалық түрде өтеді
Бас ауруы, көздің ауырсынуы, жарыққа сезімталдық
Асқазан белгілері сирек, бірақ тәбеттің төмендеуі мүмкін
Асқынулар: вирустық және бактериялық пневмония, созылмалы аурулардың асқынуы
Сирек жағдайда менингит пен энцефалит дамуы мүмкін
Вирус қалай жұғады?
Гонконг тұмауы:
Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа-тамшы жолымен таралады
Белгілер шықпай тұрып 1 күн бұрын және ауырғаннан кейін 5-7 күн бойы жұқтыруы мүмкін
Қаншалықты қауіпті?
Вирустың басты ерекшелігі – өте жылдам таралуында.
Ерекше қауіп тобына:
Дұрыс емделмеген жағдайда тұмау ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Емі қалай жүргізіледі?
Ауру белгілері байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Диагноз ПТР-тест арқылы расталады, кейбір тестілерді үй жағдайында да жасауға болады.
Емдеу шаралары:
Алдын алу жолдары
2025 жылдың желтоқсан айында тұмаудың өршуін пайдаланған алаяқтар белсенді бола бастады. Олар өзін поликлиника қызметкері ретінде таныстырып, «міндетті тексеруге» шақыруы мүмкін. Келіскен жағдайда SMS арқылы келген кодты сұрайды. Бұл код азаматтардың жеке аккаунттарын бұзу үшін пайдаланылады.
Мамандар ешқашан SMS кодты бөгде адамдарға бермеуге шақырады.