Қыркүйектен бері Қазақстанда тұмаудың 590 жағдайы анықталды. Олардың негізгі бөлігі – H3N2 (Гонконг штамы). Бұл вирустың дене қызуының күрт көтерілуі, қатты әлсіздік пен дененің сырқырауы сияқты ауыр белгілері бар. Ең үлкен қауіп тобына қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы ауруы бар адамдар жатады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дәрігерлердің айтуынша, тұмауға қарсы екпені қыркүйектен сәуірге дейін салдыруға болады. Аурудың шарықтау кезеңі желтоқсан-ақпан айларына сәйкес келеді. Бір рет ауырған адам басқа штаммен қайта ауыруы мүмкін. Поликлиникаларда екпе мерзімі шектеулі болғанымен, ақылы медициналық орталықтарда вакцина көктемге дейін қолжетімді.
Гонконг тұмауының бір ерекшелігі — ыстық қырық градустан түспей, өкпені қабындырады.
Не істеу керек?
Дене қызуы 38°C-тан аспаса, түсіру қажет емес.
Көп сұйықтық ішіп, тынығу маңызды.
Ауру адам жұмысқа, мектепке бармауы тиіс.
Қауіпті белгілерге мән беру керек: тыныс тарылуы, шатасу, 5 күннен ұзақ қызу, кеуде ауыруы, жалпы жағдайдың нашарлауы.
Вирусқа қарсы дәрілерді тек дәрігердің нұсқаулығымен қабылдау қажет.
Қол жуу, бөлмені желдету, қашықтық сақтау – мұның бәрі алдын алу шаралары.
Вирусқа қарсы дәрілер туралы
Осельтамивир, занамивир, балоксавир – тек тұмауға қарсы қолданылады.
Ацикловир, валацикловир – герпес инфекцияларына арналған.
Тамифлю тек тұмауға әсер етеді, COVID-19-ға көмектеспейді.
Осельтамивир асқыну қаупін азайтады, бірақ ауру мерзімін қысқартпайды (қабылдау режимі: 5 күн, күніне 2 рет).
Қауіпті белгілер: