DAZN стримингтік платформасы Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің 17 қыркүйектегі үшінші кездесуінің ақылы көрсетілімі қанша тұратыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Sports.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, бокс кешінің ең басты оқиғасы PPV жүйесі арқылы тікелей эфирге шығарылады. Бұл жолы DAZN эфир таратуды міндетіне алмайды.
– АҚШ-та аталған жүйенің жаңа тұтынушылары үшін трансляция құны — 84.99 доллар, ал белсенді пайдаланушылары үшін 64.99 доллар болады. Мәселен, британиялық көрермендерге трилогияны тамашалау үшін 17.98 фунт стерлинг шығындауға тура келеді, - делінген хабарламада.