Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
ҰОК басшысы Грекия астанасына Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен келген. Геннадий Головкин Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын тамашалайды. Ол құрама үшін маңызды матчта футболшыларға трибунадан қолдау көрсетуге ниетті.
Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жалғастыруда. Қазақстандық футболшылар Грекияны жеңуі тиіс. Бұл плей-офф финалында ойнауға мүмкіндік береді. Еуроға жолдаманы жеңімпаз команда иеленеді.
Грекияға қарсы матч бүгін Астана уақытымен 00:45-те басталатын болады.