Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) президенті Чунгвон Чомен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) президенті Кудрәт Шамиев қатысты. Тараптар халықаралық ынтымақтастықтың болашағын, таеквондоның олимпиадалық қозғалыс аясындағы дамуын, соның ішінде киберспорт бағытын талқылады.
Айта кетейік, Қазақстан таеквондо федерациясы 2026 жылғы Гран-при финалын өткізу құқығын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 2026 жылы 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім беру жоспарланып отыр. Бұл бастаманы Қазақстан ҰОК жан-жақты қолдауға ниетті.
Алдағы уақытта, 14-16 тамыз аралығында Астанада G-1 санатындағы халықаралық рейтингтік турнир – Kazakhstan Open 2025 өтеді.