02.10.2025
14:15
404
Голливудта алғашқы ЖИ актриса пайда болды

Голливудта алғашқы ЖИ актриса пайда болды

Жақында Цюрих кинофестивалі аясында өткен конференцияда продюсер Элин Ван дер Вельден жасанды интеллект арқылы жасалған актриса Тилли Норвудқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айтты. Бұл туралы Variety басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Ван дер Вельденнің айтуынша, Норвудқа көптеген талант іздеуші агенттердің назары ауып отыр. Тилли Норвуд – Ван дер Вельденге тиесілі Particle6 продакшн-студиясының еншілес компаниясы Xicoia әзірлеген алғашқы жоба. Бұл студия жасанды интеллект негізінде жасалған таланттарды табу және таныстырумен айналысады.

Продюсердің айтуынша, соңғы уақытта көп студиялар ІІ-жобаларды зерттеп, қолға ала бастады. Алдағы айларда бұл бағытта жаңа жаңалықтар жарияланбақ.

Ол ақпан айында көптеген адамдар ІІ әлеуетіне күмәнмен қарағанын, бірақ мамырға қарай жағдай өзгеріп, ынтымақтастыққа деген қызығушылық арта түскенін жеткізді.

Courtesy of Xicoia

Ван дер Вельден атап өткендей, Тилли іске қосылғаннан кейін түрлі сұрақтар туындады, ал қазір студия актрисаның мүдделерін қорғайтын агенттікпен келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр.

Шілде айында Норвуд Facebook-та өзінің алғашқы рөлін жариялады. Ол «AI Commissioner» атты комедиялық скетчте ойнап, теледидардың болашағы жайлы баяндаған.

Өз жазбасында Норвуд:

Жасанды интеллект көмегімен жасалғаныма қарамастан, шынайы эмоциялар сезінемін және мансабым әрі қарай дамиды деп үміттенемін, – деп жазды.

Ван дер Вельден студияның басты мақсаты – Тиллиді жаңа Скарлетт Йоханссон немесе Натали Портман деңгейіндегі актрисаға айналдыру екенін айтты. Оның сөзінше, экономикалық факторлар кино мен телеиндустрияны ІІ-ды қолдануға итермелеп отыр.

Courtesy of Xicoia

Продюсер сондай-ақ жасанды интеллект бюджет шектеулерін жеңуге және шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейтуге көмектесетінін атап өтті.

LinkedIn-дегі жазбасында Ван дер Вельден:

Көрермен үшін маңыздысы – актердің жүрегінің соғуы емес, ол жеткізетін оқиға. Тилли қазірдің өзінде агенттіктер мен жанкүйерлер арасында танымал болып үлгерді. Бұл – синтетикалық актерлер дәуірінің келгенінің айқын дәлелі, – деді.