14.09.2025
23:32
453
Гимнаст Нариман Курбанов «Challenge Cup» кезеңінің жеңімпазы атанды

Гимнаст Нариман Курбанов «Challenge Cup» кезеңінің жеңімпазы атанды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Парижде (Франция) өткен «Challenge Cup» кезеңінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ат снарядындағы жаттығудың финалында Курбанов 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді - 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта тұрақтады - 14,733.

Зейнолла Ыдырысов төртінші орынға табан тіреді – 14,633.