«Гидротехникалық нысандарға бөлінген қаражат жымқырылды». Айбек Дәдебаев түсініктеме берді

10 Мамыр, 21:00 1453

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебаев республикалық телеарнаға берген сұхбаты барысында Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан «гидротехникалық нысандарға бөлінген қаражаттың 1 млрд теңгесі жымқырылды» деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметке келсек, «гидротехникалық нысандарға бөлінген қаражаттың 1 млрд теңгесі жымқырылды» деген ақпаратты кейбір азаматтар дұрыс түсінбеген сияқты. Расында, бұл қаражат бұдан бұрынғы жылдары бөлінген, гидротехникалық нысандарды жөндеу, бөгеттерді салуды қамтамасыз етуге арналған қаражат болған. Яғни биылғы су тасқынының салдарымен күреске бөлінген қаражат емес, - деп түсіндірді Айбек Дәдебаев. 

Ол елді дүрліктірмес үшін төтенше жағдай кезінде кез келген ақпаратты мұқият тексеріп алып, халыққа түсінікті тілмен тарату өте маңызды екенін айтты.

Президент Әкімшілігі басшысының айтуынша, бұл жерде ақпаратты бұрмалауға жол бермей, халыққа шынайы ақпарат беріп отыру өте маңызды.

Зарина Арман
Бөлісу: