Головкин мен Альварестің жекпе-жегі аяқталды

18 Қыркүйек 2022, 10:39 1271

«GGG-Канело» трилогиясын барша Қазақстан тамашалады

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі төрешілердің шешімі бойынша мекискалықтың пайдасына шешілді, деп хабарлайды El.kz.
«GGG» (42:1:1) мен «Канело» (57:2:2) арасындағы үшінші кездесу мәресіне жетті. Жеңімпаз – Сауль «Канело» Альварес.
Осылайша отандасымыз Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы ең басты қарсыласы Сауль Альварестен үшінші кездесуде де есе қайтара алмады.
Мексикалық бокс шебері WBA, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Соның арқасында ол абсолютті әлем чемпионы атанып отыр.
Еске салсақ, Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жекке де шығуға әзір екенін мәлімдеген.
Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.
Головкин-Альварес бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді. 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.
«GGG-Канело» трилогиясын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Бөлісу: