15.02.2023
19:42
1454
Германиядағы ереуілге байланысты Air Astana рейсі ұшпайды

Германиядағы ереуілге байланысты Air Astana рейсі ұшпайды

Air Astana әуе компаниясы бір рейстің сапарға шықпайтынын ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Германия әуежайларындағы неміс кәсіподақтарының ереуіліне байланысты 17 ақпандағы KC 921/KC 922 Астана-Франкфурт-Астана рейсі ұшпайды. Одан кейінгі рейстер кестеге сәйкес жүзеге асады. Орындалмаған рейс жолаушыларына билет құны айыппұлсыз қайтарылады немесе 2023 жылдың 10 наурызына дейін орындалатын рейстерге қайта брондау ұсынылады», - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы қолайсыздық үшін кешірім сұрады. Билетті қайтару және қайта брондау бойынша көмек орталығына жүгінуге болады. Рейс мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтында тексеруге мүмкіндік бар.