Германияда Ferrari 208 Turbo моделі 2,0 литрлік V8 қозғалтқышы бар шағын көлемді спорткар аукцион қойылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сауда аяқталуына бір апта қалғанда купенің бағасы 60 208 еуроға (шамамен 37 млн теңге) бағаланған. 1984 жылы шыққан екі есікті көлік 61,6 мың шақырым жүрілген. Collecting Cars аукцион үйі бұл көрсеткіштің түпнұсқалығына кепілдік бермейді. Дегенмен, көліктің түпкі күйі неміс техникалық бақылау есебі мен италиялық құжаттар арқылы расталған.
Ferrari 208 моделі – әйгілі 308 сериясының салыстырмалы түрде салықтық жеңілдетілген нұсқасы. 1970-жылдардың соңында Италия мен Португалияда көлік салығы қозғалтқыш көлеміне қарай есептелгендіктен, Маранелло зауыты 2,0 литрлік мотор орнатылған шағын көлемді нұсқаны шығаруды ұйғарған.
Германиядағы аукционда сатылғалы жатқан бұл үлгі - өте сирек кездесетін модельдердің бірі, яғни Ferrari 208 Turbo сериясының соңғы жылдары шығарылған нұсқасы.