Германияда өткен ірі халықаралық туристік көрмеде қазақтың киіз үйі туристердің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Киіз үй қолөнер шеберлері мен суретшілердің табиғи материалдардан жасалған әшекейлерімен безендірілген. Сонымен қатар келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.
Берлиндегі көрмеге қазақстандық туристік компаниялар мен қонақүйлердің 30 өкілі қатысты.
"Бұл көрмеде біздің турбизнес өкілдері болашақ серіктестермен іскерлік байланыс орнатады. Біздің стенд келушілер тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Kazakh Tourism елімізге неміс туристерін тарту бағытында ең ірі халықаралық туристік бірлестіктердің бірі - PATA өңірлік өкілдігімен тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отыр", - деді "Kazakh Tourism ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.
Айта кетейік, ITB Berlin - туризм саласындағы ұйымдар үшін әлемдегі ең ірі B2B көрме саналады.