Германияда қаза тапқан қазақстандық әйелдің денесінен пышақ іздері табылды

21 Маусым, 09:18 1238

Германияда өлтірілген қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның денесінде пышақ жарақаттары болған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы «BILD на русском» Telegram-арнасы мәлімдеді. Арна ақпаратынша, өлген адамның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары анықталған.

Тергеушілер төбелес болғанын болжап отыр, әйелге шабуыл жасалып, ол өзін-өзі қорғаған. Басылымның сауалына прокуратура бұл іс бойынша әлі бірде-бір күдікті жоқ деп жауап берген.

Сайлыбаевамен қатар, бір уақытта оның ресейлік 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кеткен. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне әкелген. Содан бері әйелді ешкім көрмеген. Қазір Айгүл Сайлыбаеваның 3 жасар қызы Жаклин әкесімен бірге.

Еске салайық, 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Астанада судья болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және қайын енесімен бірге тұрған. 4 маусымда таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарған. Содан кейін әйелді ешкім көрмеген. Жексенбіде оның денесін қаланың шетінде пластикалық қапқа салынған күйде тапқан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: