Германияда із-түзсіз жоғалып кеткен экс-судьяға қатысты СІМ мәлімдеме жасады

17 Маусым, 16:45 755

Германияда  жоғалып кеткен экс-судьяға қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғалған азаматшаның ағасы мен анасы қазір Германияда. Біз оларға виза алуға көмектестік. Полициямен тығыз байланыстамыз. Жұмыс жүргізілуде. Жақын арада ақпарат болады деп үміттенеміз,- деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, қазақстандық журналист Гүлмира Абықай бұрын Астана қаласы Сарыарқа ауданының судьясы болып жұмыс істеген Айгүл Сайлыбаева Германияда жоғалып кеткенін айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырған еді.

Сөзінше, азаматша шетелде күйеуі мен енесінен зорлық-зомбылық көрген. Бұған дейін СІМ ресми өкілі 5 маусымда Майнда Франкфурт қаласындағы ҚР-ның бас консулдығына Қазақстан азаматтары 2024 жылғы 3 маусымда қызының жоғалып кеткенін айтып арыз түсіргенін айтты.

Миражан Махан
Бөлісу: