Германияда айналмалы дөңгелек өртеніп, 65 адам зардап шекті

19 Тамыз, 05:13 347

Германияда адамдар отырған айналмалы дөңгелек өртенді. Оқиға фестиваль кезінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Лейпциг маңындағы Штермталь көлінде өтіп жатқан фестиваль кезінде айналмалы дөңгелек кабинасынан өрт шығып, қызыл жалын екінші кабинаға жеткен. Бұл уақытта дөңгелекте адам толы болған. 

Салдарынан 65 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алғаны анықталды. Зардап шеккендердің басым бөлігінің жарақаты жеңіл. Оларға сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Ал 16 адам ауруханаға жатқызылған, төртеуін күйік шалса, біреуі биіктен құлаған.

Зарина Арман
Бөлісу: