Германияда 455 мың еуроны заңсыз алып өтпек болған украиналық зейнеткер ұсталды

28 Қаңтар, 09:37 838

Мюнхен әуежайында 500 мың еуроға жуық қаржы алып өтпек болған украиналық ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуежайдың шекара қызметі 455 мың еуро қолма-қол ақшаны алып өтпек болған 66 жастағы ер адамды ұстады.

Bild мәліметінше, Украина азаматы Каирге аттануы керек болған. Ал тексерістен өтер кезде ол өзінде небәрі 300 еуро барын айтқан.

Ұшаққа отырар алдында зейнеткерге ер адам қол жүгін ұстатып кеткен. Мұны шекара қызметкері байқап қойып, чемоданды ашуды талап еткен. Оның ішінен 455 мың еуро анықталды.

Қазір полиция мұның қандай ақша екенін анықтап жатыр.

Жансая Әділбек
Бөлісу: