Германия Сириядан келген босқындарды еліне қайтармақ

5 Қаңтар, 13:51 356

Германия ішкі істер министрлігі сириялық босқындарды өз отанына қайтармақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ басшысы Нэнси Фрейзер Сириядағы жағдай тұрақталғанын, сондықтан Германия баспана беру туралы шешімдерді қайта қарайтынын атап өтті.

Бұл тұруға құқығы жоқ және Сирияға өз еркімен оралмайтындарға қатысты. Неміс тілін үйреніп, Германияда ресми түрде жұмыс істейтін және оқитын Сирия азаматтарына мұның қатысы жоқ, - деп түсіндірді Фезер.

Бұған дейін  Германия канцлеріОлаф Шольц сириялық босқындарға көмектесітін мәлімдеген.

Біз сириялық босқындардың неміс тілін үйренуіне, мектептерімізде білім алуына, жұмыс істеп, осы елде тамырын терең жаюына көмектестік. Бұл біз үшін зор жетістік. Бүгінгі таңда Германияның тек денсаулық сақтау саласында бес мыңнан аса сириялық дәрігер қызмет етіп жүр. Депутаттар арасындағы кей мәлімдемелер дәл осындай сириялық азаматтардың көңіліне күдік ұялатқанынан хабардармын. Бірақ баршаңызға мынаны айтқым келеді. Германияда еңбек етіп, қоғамға сіңген әрбір шетелдік азамат әрі қарай да елімізде қалуына толықтай құқы бар, - деген еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: