29.09.2023
15:00
1772
Германия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты резиденциясында қарсы алды

Германия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты резиденциясында қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары жалғасып жатыр. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Bellevue резиденциясына келді. Қ.Тоқаевты Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентінің резиденциясында Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.