Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорда мәліметінше, сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу өтеді.