Германия босқындарды қамтамасыз етуге 1 млрд еуро бөлмек

11 Мамыр 2023, 10:23 1156

Германия үкіметі 2023 жылы босқындарды қамтамасыз ету үшін аймақтарға €1 млрд бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы босқындар мәселесі жөніндегі федералды үкіметтің кеңес қорытындысы бойынша қабылданған резолюцияда айтылды.

Федералды үкімет босқындарға берілетін бір реттік төлемді €1 млрд ұлғайту туралы шешім қабылдады, – делінген құжатта.

Ал Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер елге заңсыз кіретін босқындар санын азайтуға ниетті екенін мәлімдеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: