06.02.2023
10:22
1267
Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау ұйымдастырылады

Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау ұйымдастырылады

Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы "Ұлттық геологиялық  қызмет" АҚ мәлімдеді.

Байқауға БАҚ өкілдерінің, оның ішінде журналистердің, сондай-ақ блогерлер мен конкурстың шарттарын орындаған азаматтардың жұмыстары қабылданады.

Конкурстың талаптары:

  •  байқауға геологиялық тақырыпқа арналған және халық арасында осы саланы кеңінен наситтауға байланысты дайындалған авторлық бейнероликтер, мақалалар, телебағдарламалар немесе радиохабарлар қабылданады;
  • қатысушының сәйкестендіру нөмірін алу үшін материалды немесе сілтемені geocontest@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет;
  • материалдар 2023 жылдың 6 ақпаны мен 25 наурызы аралығында әлеуметтік желілерде немесе жеке блогтарда жариялануы керек.

Аталған поштаға жіберілмеген материалдар байқауға қатыстырылмайды.

Бірінші орын — 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық;

Екінші орын — 70 мың теңге;

Үшінші орын — 50 мың теңге.