Геннадий Осиненко: Біздің Президент қоғамдық бірліктің мінсіз формуласын шығарды

6 Желтоқсан 2018, 11:07 1718

Көкшетау қаласының Достық үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

«Ақмола облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» төрағасы Геннадий Осиненко аталмыш мейрамның пайда болу тарихы, өзінің Елбасымен жүздесу сәті туралы естеліктерімен бөлісіп, бұл мерекенің неліктен бірінші желтоқсан күні атап өтілетініне тереңірек тоқталып өтті.

«Мен онымен бірнеше рет кездестім. 1989 жылдың көктемінде ол   Көкшетау қаласына делегация құрамында Абай көшесіндегі ұстаздарға арнап салынып жатқан үйдің құрылыс нысанына келді. Бірден құрылысшылардың жұмысына қызығушылық танытып, әлемнің басқа елдерінде бұл жұмыстар қалай жүргізілетіндігі, үй құрылысы мен дизайн жасау барысында қандай материалдардың қолданылатыны жөнінде сұрап, айтты. Мен ол кездегі жас прораб есебінде Елбасының айтқан әр сөзін, берген әрбір ақпаратын жадыма сақтадым, оның келтірген кеңестері маған одан арғы еңбек жолымда үлкен септігін тигізді. Менің сол кездесуден Нұрсұлтан Әбішұлының өте қарапайым, әрдайым қарым-қатынас жасауға дайын, аса сауатты және жан-жақты тұлға екеніне көзім жетті», - деп Г. Осиненко естеліктерімен бөлісті.

Көкшетау қ. №1 сервистік-техникалық колледж директоры Любовь Дробышеваның, атаман Александр Данелюктің, каратэ-до бойынша жаттықтырушы Еркебулан Сейітқалиевтің, еңбек ардагері Ұлжан Ниязбаеваның жасаған баяндамалары да өте ауқымды және қызықты болды.

 «Біздің Президентіміз достық, толеранттылық және стратегиялық мақсаттарға бірлесе жету қағидаттарына негізделген қоғамдық бірлік формуласын, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастырды. Бұл бірігей моделді бүгіндері күллі әлем зерттеуде», - деп өз сөзін түйіндеді қауымдастық басшысы.

Бөлісу: