23.11.2025
16:45
417
Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды

Аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің World Boxing ұйымының жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

World Boxing президенттігіне үміткер Геннадий Головкиннің конгресстегі сөзі:

Мен бокстың барлық кезеңінен өттім. Спортшы ретінде Олимпиада Ойындарына қатыстым, әлем чемпионы атандым. Бүгінде спорттағы жетекшілік қызметтемін. Аса маңызды - бокс болашағына күресу үшін жүрмін. 

Халықаралық Олимпиада комитетінің Olympism365 мүшесі және World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы ретінде білерім: лайықты басқару бұл - біздің спортшыларды және біздің спорт түрін қорғау. Сіздердің қолдаумен World Boxing ұйымына деген сенімді қалпына келтіру үшін барымды саламын.

Бірлесе ХОК толыққанды мақұлдауына қол жеткізе аламыз және бокстың тек Лос-Анжелес-2028 Олимпиадасында ғана емес, алдағы барлық Олимпиада Ойындарындағы өз орнын нық қалыптастырамыз.

Біз өзіміздің спортты адалдық, әділдік пен теңдік қағидаттарына сүйеніп қалыптастырамыз.

Мен 4 басты бағытты ұсынамын:

Бірінші - спортшылар бірінші орында.

Екінші - әділдік.

Үшінші - инновациялар.

Төртінші - қаржылық тұрақтылық және даму.

Енді әрекет ететін уақыт келді. Келесі жылы жоспарды жүзеге асыруды бастаймыз және әр қадам жайында ұйым мүшелерін хабардар етіп отырамыз. Бұл - ауызбіршілік. Бүгін ілгері қадам басамыз. 

Біз спортшылар сенетін және Олимпиадалық отбасы сенім білдірген федерацияға айналуымыз керек. Мен адал, нәтижелі және көп еңбектенетін басшылық құрамын жасақтаймын. Көшбасшы болу - адамлардың үстінен қарап тұру емес, олармен бірге болу.

Бірлік - ұран емес. Бұл - біздің әрекет ету салты. World Boxing әділетті, бірлігі жарасқан және спортшыларға бағытталған ұйым болуы керек. Болашақтың іргесін бірге қалайық! Рахмет!