Геннадий Головкин Халықаралық гимнастика федерациясының кеңсесіне барды

8 Желтоқсан, 18:45 497

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) басшысы Моринари Ватанабэнің шақыруымен оның кеңсесіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда гимнастиканы дамыту мәселелерін және қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін талқылады.

Қазақстан ҰОК мәліметінше, Геннадий Головкин Моринари Ватанабэні FIG президенті қызметіне қайта сайлануымен құттықтап, гимнастиканы дамыту мен танымал етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. 

Моринари Ватанабэ Қазақстанның айтарлықтай жетістіктерін атап өтіп, әлемдік гимнастиканы дамытудағы еліміздің маңызды рөліне ерекше назар аударды. Өз сөзінде FIG басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының белсенді қызметін және Olympic Solidarity бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастыруды атап өтті.

 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: