Генерал-майор Айтқали Есенғұлов

5 Мамыр 2017, 09:50 4319

Темірдей тәртіп орнатқан генерал-майор

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 25 жылдығын атап өтеді. Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1992 жылы 7 мамырда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай дербес әскеріміз құрылды. Тәуелсіз еліміздің құрыш қалқанына айналған төл әскері 25 жылда талай белестерді бағындырды. El.kz интернет жобасы 7 мамыр – Отан қорғашылар күні мерекесі қарсаңында Қарулы Күштердің 25 жылдығына арнап, «Қарулы Күштер генералдары» атты жаңа жобасын бастады. Қарулы Күштеріміз бен айбынды әскерлеріміздің өсіп-өркендеуіне, нығаюна үлес қосқан генералдар туралы естелік мақалалар ұсынамыз. Мақалалардың авторы белгілі әскери журналист Сәндібай Күмісбеков.

Генерал-майор Есенғұлов Айтқали Ғұсманұлы

1943-ші жылы 24-ші желтоқсанда Ресейдің Орынбор облысында дүнниеге келген. Ауыл шаруашылық техникумын аяқтағаннан кейін, Кеңес әскері сапында мерзімді қызметін өтеген. Жоғары байланыс әскери училищесін, әскери академия, Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Привольже, Ленинград, Орта Азия, Беларусь әскери округінде жауапты әскери-саяси лауазымдарды атқарған. Польша, Германия, Чехословакия аумағында орналасқан Берлоруссия Республикасы Қарулы Күштер сапында абыройлы қызмет еткен. Қазақстан Рсепубликасы Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. Заң авторларының бірі. Көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған. 3 баланың әкесі.

Әскер дегеніміз – жалпы, қолында қаруы бар адамдар, тәртіпке тәуелді болуы шарт. Бұл адамзат пайдла болған тұстан бастап дәлелді талап етпейтін аксиомаға айналған қағида. Темірдей қатты тәртіпке бағынған әскерге ғана жеңіс жолдас болған.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әскери тәртіптілік мәселесі күн тәртібінен түспейтін өте өзекті, тақырып қатарында болды. Тәрбиеленетін сарбаз да, оларға тәрбие беретін сардар да жоқтың қасы десек, жалған болмас. Офицерлердің басым көпшілігі бұлыңғыр болашақтан бастары айналып, тарихи отандарын іздеп, «чемодан үстінде отырса» сарбаздар топ-тобымен  бөлімді өз еркімен тастап қашқын атанып жүрген. Міне, осындай аласапыран тұста Қарулы Күштердің тәрбие тізгінін полковник Есенғұлов ұстады. Айтқали Ғұсманұлы төл әскерімізде «генерал» атағын алған алғашқы офицерлердің бірінен саналады. Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Сол бір тарихи тұста генералдың айтқаннан қайтпайтын қайсар мінезі, мәселеге мемлекеттік деңгейде мән бере алатын біліктілігі, ннақты шешім қабылдай алатын командирлік қарымдылығы, тәрбие жұмысын бес саусағындай жақсы білетін жоғары кәсібилігі айқара ашыла көрінеді.

Белгіленген жоспарға сай Қорғаныс министрлігі жылына 3-4 рет әскери Алқа жиынын өткізеді. Қару-жарақ жайлы, әскери құрылыс, әскери білім беру тәрізді өзекті мәселелер талқыланады. Сол жылдары бұл тізіммнен әскери тәртіптілік түскен емес. Әдетте бұл отырысқа Бас әскери прокуратура өкілдері де қатысады. Бірнеше рет аталған шараға қатысып, генерал Айтқали Есенғұлов пен Бас әскери прокурор генерал Юрий Хитрин арасындағы теке-тіресті көргенім бар. Прокурордың «әскерде тәртіп жоқ, тәрбие жұмысы ақсауда» дегеніне «прокурорлар ешқандай заңдылықтысақтамайды, күдікті деп қамауға алынған әскерилерге қатысты. Тергеу амалдары айлап, тіпті жылдап жүргізіледі» деген қарсы аргументтер келтіретін. Бұл бір ғана мысал, ведомство намысын жыртар мәселелер аз болмаған. Титандар айқасы тәрізді көрінетін. Неткен шешендік, неткен қайсарлық! Кейінгі жылдары БАҚ беттерінен генералдардың бірін-бірі кәсібилік тұрғыда өте жоғары бағалағанын жиі оқып, риза болғанмын.

Жылдан астам, аптасына бір тәулік генералдың қабылдауында кезекші офицер болып жүрдім. Түскі үзіліс кезінде штабтың асытнда орналасқан спортзалға барып, бокс «мөшегін» ұорып қайтатын. Жай емес, қара терге түсіп ұратын. Жеке пайымдауым бойынша, тәрбие тізгінін білікті де, бірбеткей басшы генералдан кейін осы биіктен көрінер тәрбиеші-офицер ұстанған жоқ.

Бөлісу: