«Гендерлік теңдік» бағдарламасы бойынша білім алғандар марапатталды

5 Мамыр 2023, 10:02 1989

Астанада «Гендерлік теңдік» бағдарламасының білім алушыларының салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Гендерлік теңдік» – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының компаниялар мен ұйымдардың басқарушы органдарындағы әйелдердің үлесін арттыруға бағытталған оқу жобасы. Ол ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен құрылды. Оған қатысудың басты бір талабы – үміткердің басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы. Жобаға қатысуға басында 142 әйел өтініш білдіргенімен, оның 71-і ғана соңына дейін жетті. Оларды оқыту жұмысы 7 ай бойы жүргізілді.

Марапаттау рәсімінде алғаш болып «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов сөз сөйледі.

Қор гендерлік теңдік бойынша мемлекет саясатын белсенді қолдайды. Біз өз компанияларымыздың басқару органдарында әйелдерін санын арттыруды міндеттемеге алдық. Оның жүзеге асуын қадағалаймыз, - деді ол.

Сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева қоғамдағы әйелдердің орны әрқашан маңызды екенін атап өтті.

Әйел азаматтарын қолдау біздің ұлттық комиссияның, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың біріккен мүддесі деп білеміз. Бұл – Мемлекет басшысының да үнемі назарындағы мәселе. Сондықтан Президентіміз әйелдердің бастамаларын, олардың басшылық сатыда әрқашан алда жүруін қадағалап отырады, - деді Аида Балаева.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: