Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус америкалық X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Ұйым басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ауыр халдегі науқастарды эвакуациялауға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.
Газадағы 15 600-ден астам науқас, оның ішінде 3 800 бала әлі де мамандандырылған көмекке мұқтаж. Біз эвакуация көлемін ұлғайтып, өмірлік маңызды көмекті қолжетімді етуге шақырамыз, – деп жазды Гебрейесус.
Сонымен қатар ДДСҰ басшысы тағы да Газа секторында атысты тоқтатуға үндеді.