18.05.2025
19:41
635
Газа секторындағы шабуылдан төрт журналист қаза тапты

Газа секторындағы шабуылдан төрт журналист қаза тапты

Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, Газа секторына жасалған соққыдан тағы төрт журналист қаза тапты. Бұл туралы IRNA-ға сілтеме жасай отырып  El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көз жұмғандар: Нур Кандил, Азиз Аль-Хаджар, Абдуррахман Аль-Абадила және Халед Абу Сейф.

Телеарна дерегінше, соққы Израиль тарапынан жасалған. Жалпы, қақтығыс барысында қаза тапқан БАҚ өкілдерінің саны өсіп келеді.