Израиль мен Палестина арасындағы жағдай ушығып тұр. Палестина СІМ Газа секторындағы қираған көпқабатты үйлердің суреттерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі тарап бір-бірін айыптап жатыр. Израильдің энергетика министрі Исраэль Кац ХАМАС тұтқындарды босатпайынша, Газа секторына су мен жанар-жағармай жеткізілмейді деп отыр. Ресми дерек бойынша, ХАМАС бүгінде 150 адамды тұтқынға алған.
Израильде көз жұмған адамдар саны 1,3 мыңды құрады.