18.01.2025
19:41
859
Газа секторындағы атыс қашан тоқтайтыны анықталды

Газа секторындағы атыс қашан тоқтайтыны анықталды

Газа секторында атысты тоқтату режимі 19 қаңтар күні басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Катардың сыртқы істер министрі Маджед әл-Ансари мәлімдеді.

Газа секторындағы атысты тоқтату жексенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-да басталады, - деп атап өтті ол.

Естеріңізде болса, Катар Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздерге делдал болған.

Маджед әл-Ансари тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін және ресми дереккөздердің ақпаратына сәйкес әрекет ету керектігін ескертті.