Газа секторында Қазақстан азаматы қызымен бірге қаза тапты

24 Қазан 2023, 12:32 1522

Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Өкінішке қарай, онымен бірге Палестина азаматтығы болған 23 жастағы қызы да қайтыс болды, - деп хабарлады СІМ.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, отандасымыз Газа секторында күйеуімен (Палестина азаматы) бірге ұзақ уақыт бойы тұрған.

Еске сала кетейік, Сыртқы істер министрлігі Газа секторында палестиналықтарға тұрмысқа шыққан қазақстандықтардың бар екенін хабарлаған болатын.

Газа секторында Қазақстанның 25-ге жуық азаматы бар деген ақпарат бар. Олар - палестиналықтарға тұрмысқа шыққан қазақстандықтар. Қазір кейбір отбасылар қауіпсіз орын мен пана іздеп жүр. Байланысқа шығу қиынға соғып жатыр. Қазіргі таңда біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, - деді СІМ-нің ресми өкілі СІМ.

Равиль Ашығали
Бөлісу: