13.11.2023
08:34
1577
Газа секторында қайтыс болғандар саны 11 мыңнан асты

Газа секторында қайтыс болғандар саны 11 мыңнан асты

Al Hadath телеарнасының мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан 4 мың 600 бала көз жұмған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Телеарна Израильдің Газа секторына 7 қазанда бастаған әскери әрекеттерінен қайтыс болғандар саны 11 мыңнан асқанын растады. Бұл туралы Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.

Ведомство дерегінше, Израильдің шабуылдарынан қайтыс болған адамдар саны 11 180 адамды құраса, оның 4 609-ы бала екен.