Газа секторында Израиль армиясының кезекті шабуылы кезінде журналист Мутез Мохаммад Раджаб қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Газа үкіметінің мәлімдемесінде айтылған.
Осылайша, 2023 жылдың 7 қазанынан бастап палестиналық анклавта израильдік әскерилердің қолынан қаза тапқан БАҚ қызметкерлерінің саны 221-ге жетті.
Мутез Мохаммад Раджаб «Al-Quds Al-Yawm» спутниктік арнасында фототілші болып жұмыс істеген.
Оқи отырыңыздар:
Газа үкіметі әлемдік қауымдастық пен халықаралық журналистік ұйымдарды Газа секторында палестиналық журналистер мен БАҚ қызметкерлеріне қарсы жүйелі қылмыстарды айыптауға шақырды.