Газа секторында 67 Қазақстан азаматы бар екені анықталды - СІМ өкілі

16 Қазан 2023, 16:32 3493

Газа секторында 67 қазақстандық азамат бар екені анықталды. Бұл туралы СІМ өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ 19 Қазақстан азаматы Израильден елге ұшып келген. Ел азаматтарының саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі деректерді анықтау мен жинақтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 

Израильдегі Қазақстан елшілігі елден ұшуды үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда. Газа секторында 67 Қазақстан азаматы, олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, 100-ден астам азамат бар. Отандастарымызбен байланыс үшін өзекті деректер жарияланып отырады,- деді СІМ өкілі.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: