«Гауһартас» қойылымынан фоторепортаж

9 Наурыз 2023, 20:23 2562

Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрында «Гауһартастың» кезекті қойылымы сахналанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол драматург Дулат Исабековтің повесіне негізделген. Басты рөлдерді Игілік Оразалы, Дінислам Нұрмағанбетов, Инабат Ризабекқызы сомдады.

Қойылымды тамашалауға барша өнерсүйер қауым жиналды, зал лық толы. Көрерменнің Музыкалық жас көрермен театры әртістерінің орындауындағы қойылымды сүйсіне қарап отырғанын байқамау мүмкін емес.

Көрерменнің көзайымына айналып, жүрегінен орын тапқан «Гауһартас» қойылымының наурыз айының билеттерінің барлығы лезде сатылып кетті.

Бүгінде «Гауһартас» қойылымының көпшілік арасында кеңінен таралып кеткені соншалық, Қытай Халық Республикасының мектеп оқушылары мен студенттері арасында да трендке айналуда.  

Ажар Лаубаева
Бөлісу: